Нұрсұлтан Толқымбаев «Самұрық-Қазына» АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның жалпы еңбек өтілі 19 жылдан асады, оның 15 жылдан астамы мұнай-газ саласына тиесілі.
«ҚазМұнайГаз» тобының құрылымдарында басшылық қызметтер атқарып, мұнай және мұнай өнімдерін өткізу, экспорттық операциялар, жеткізу тізбегін басқару, нарықтарды дамыту және халықаралық келісімшарттар бағыттарына жетекшілік етті.
Румынияда KMG International компаниясында логистика, коммерциялық қызмет және бизнесті дамыту бағыттарында жұмыс істеп, операциялық тиімділікті арттыру және шығындарды оңтайландыру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізді.
Сондай-ақ, 4 жыл «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның сату департаментін басқарған.