Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зорлық-зомбылық белгілері бар": Аралдағы полицейдің қазасына күдікті туралы жаңа дерек шықты (ВИДЕО)

10:34, 14 қыркүйек 2026

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысы бар деген күдікпен Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Қайғылы жағдай кезінде марқұм полицейдің жыл сайынғы кезекті еңбек демалысында болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тәртіп сақшысының денесі зорлық-зомбылық белгілерімен 1 қыркүйек күні табылған еді. Тергеу органдарының алдын ала болжамы бойынша, екі азаматтың арасындағы жанжал қайғылы аяқталған. Өзара кикілжің барысында ауыр жарақат алған полиция қызметкері жедел жәрдем бригадасы жеткенше оқиға орнында көз жұмды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түскен күдікті сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазiргi таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Адам өлімімен аяқталған ауыр қылмыстың тергелу барысын Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар