Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Соққы беруді тоқтату керек... Әлемге зиян келтіреді»: Трамп Зеленскийге талап қойды

15:00, 14 қыркүйек 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді Ресейдің дизель отыны инфрақұрылымына жасалатын шабуылдарды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, ол бұл мәселені Украина президентімен жеке талқылап, нақты ескерту жасаған.

«Біз бұл туралы Зеленский мырзамен сөйлестік. Басқа да көптеген нысана бар. Дизельге соққы жасамаңыз. Ресейдегі дизельге соққы беруді тоқтату керек. Бұл бүкіл әлемге зиян келтіреді», – деді Дональд Трамп.

Құрама Штаттар басшысының айтуынша, қазіргі уақытта жаһандық отын нарығында байқалып отырған дизель тапшылығы мен бағаның өсуі Таяу Шығыстағы қақтығыстардан емес, дәл осы Ресей мен Украина арасындағы соғыстың салдарынан туындап отыр.

Айта кету керек, GasBuddy сараптамалық сервисінің деректеріне сәйкес, 10 қыркүйекте АҚШ-та дизель отынының орташа бағасы тарихта алғаш рет галлонына 6 доллардан асып түсті. Ал Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей тарапы 2026 жылға арналған мұнай өндіру болжамын соңғы 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін қысқартқан, сондай-ақ 2026-2027 жылдарға арналған отын экспортының жоспарларын қайта қарауға мәжбүр болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар