«Жігіттер» квартетінің мүшесі Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің сырт келбетіне тиісіп, қартайып кеткенін жазған оқырмандарына жауап беріп, іштегі шерін ақтарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі басынан өткен ауыр қайғысы мен отбасылық қайғы-қасіреті адамды тез қартайтып жіберетінін ашық айтты.
«Алдыңғы рилста «Қартайып кетіпсіз», «Бұл да қартайыпты» деген сынды комменттер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау Әкең о дүниелік болса қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!», – деп жазды Ердос Қанаев.
Әншінің бұл жан сыры желі қолданушыларының жүрегін тебірентіп, оқырмандар өнер иесіне басу айтып, қолдау білдіруде.