Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өмірімде алар орны әрқашан ерекше!»: Мақпал Жүнісова көпшілікке қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)

16:51, 14 қыркүйек 2026

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін білдіріп, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі биыл әсем шаһарда тұрып жатқанына жарты ғасыр толғанын атап өтті.

Бұл әсем қала әншінің өмірінде де, шығармашылығында да ерекше орын алады. Бұл туралы Халық әртісінің өзі ағынан жарыла айтты.

«Мен 1976 жылдан бері Алматы қаласының тұрғынымын. Биыл сүйікті қаламда өмір сүріп келе жатқаныма 50 жыл толып отыр. Осы Алматыдан білім алдым, өмір жолымды да, өнер жолымды да осы қаладан бастадым десем болады. Сондықтан Алматының менің өмірімде алар орны әрқашан ерекше. Алматымыздың туған күнін бірге атап өтейік! 19 - 20 қыркүйек күндері Қала күніне орай өтетін «ALMA QALA» фестивалінде баршаңызды күтеміз!» — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, дәстүрлі Қала күніне орай мегаполисте ауқымды мәдени шаралар жоспарланған. Өнер иесі барша алматылықтар мен шаһар қонақтарын мерекелік фестивальде бірге мерекелеуге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар