Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз режимді қатаңдатты: 15 қыркүйектен бастап не өзгереді

14:18, 14 қыркүйек 2026

Таиланд бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады. Бұл туралы Қазақстанның Таиландтағы елшілігі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Таиланд Министрлер кабинетінің тиісті шешімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енеді.

"Аталған норма күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылатын болады", - делінген хабарламада.

Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Осыған байланысты Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар