Белгілі актер Азамат Сатыбалды денсаулығын жақсарту мақсатында ашығу әдісін жүйелі түрде қолданып жүргенін хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына денсаулыққа қатысты кез келген тәсілді алдын ала зерттеп, оның ерекшелігін толық біліп алуға кеңес берді.
«Қадірлі достар. Не істесеңіздер де, зерттеп, біліп алып жасаңыздар. Бұл ойыншық емес. Мысалы, менің ағзам осыған үйренген. Мен 10 жылдан асты, жылына екі рет ашығып жүремін. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды. Алла жар болсын», – деп жазды Азамат Сатыбалды.
Актердің айтуынша, ол бұл емдік әдісті он жылдан астам уақыттан бері жылына екі рет үздіксіз қайталап келеді.