Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытау облысында 60 жастағы ер адам жоғалып кетті

11:51, 14 қыркүйек 2026

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бір күн бұрын жоғалып кеткен 60 жастағы тұрғынды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шеңбер ауылдық округінде 1966 жылы туған ер адам 12 қыркүйек күні кешке Домбығұл қыстауындағы үйінен шығып, қайта оралмаған.

Өзімен бірге ұялы телефоны да болмаған азаматты іздеуге ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

«Аумақты барлау барысында құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын және спутниктік байланысты пайдаланды. Іздеу жұмысының нәтижесінде ер адам Домбығұл қыстауынан солтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды», – деп хабарлады ТЖМ ресми өкілдері. Елді мекеннен қашыққа ұзаап кеткен азаматтың денсаулық жағдайы қалыпты, оған медициналық көмек қажет болмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар