Астанадғы көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатынан секірген әйел төменде тұрған балалар арбасының үстіне құлап, салдарынан екеуі де қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Полицияның алдын ала таратып отырған мәліметіне сәйкес, әйел жоғарыдан құлаған сәтте дәл астында ішінде екі жасар сәбиі бар балалар арбасы болған. Ауыр соққы мен алған жарақаттары салдарынан сәби де, 15-қабаттан секірген әйел де оқиға орнында көз жұмды.
Аталған сұмдық факті бойынша полиция органдары дереу қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары арнайы тексеру амалдарын жүргізіп, бұл қайғылы жағдайдың орын алу себептері мен барлық мән-жайларын анықтау үстінде.