Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Адамға қарай оқ атты»: Астанадағы түнгі клуб жанында жанжал шығарған адамға сот үкімі шықты

17:07, 14 қыркүйек 2026

Астанада түнгі қақтығыс кезінде газ тапаншасынан оқ жаудырып, адам өміріне қауіп төндірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ауаға екі рет оқ атып, үшіншісін қарсыласына бағыттаған бұзақының әрекеті қайғылы жағдайға ұласпай, нысанаға тимей қалған.

Сотталушының қару қолданып бұзақылық жасау фактісі толығымен дәлелденді.

«Жәбірленуші бой тасалап үлгергендіктен, оқтан аман қалды. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Қоғамдық тәртіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қоқан-лоқы көрсету арқылы, сондай-ақ қаруды немесе өзге де заттарды пайдаланып дөрекі түрде бұзғаны үшін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген», — деп хабарлады Астана қалалық прокуратурасының өкілдері.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар