Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзірбайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Данил Крылов

Әйелдер:

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

78 келіге дейін: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш

Отандастарымыз жекелей және аралас командалық сайыста сынға түседі.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар