Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір жылдан астам іздеуде»: Алматы облысында із-түзсіз кеткен әйел туралы тың дерек шықты

15:58, 14 қыркүйек 2026

Алматы облысында бір жылдан астам уақыт бойы із-түзсіз кеткен 1993 жылғы Жайна Аманқылышованың орналасқан жерін анықтау әлі де нәтиже бермей келеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оны табу мақсатында полиция қызметкерлері мен Lider.kz қозғалысының еріктілері бірлескен ауқымды іздестіру шараларын үздіксіз жүргізуде.

Іске қатысты мәліметтерге сүйенсек, азаматша 2025 жылғы 8 маусымда таңғы сағат 6-лар шамасында Қаскелең қаласындағы «Новостройка» шағын ауданында (30-орам) орналасқан баспанасынан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені жөнінде нақты дерек жоқ. Осы уақытқа дейін түскен әрбір хабарлама мұқият тексеріліп, бірнеше мәрте рейдтік іздеу жұмыстары ұйымдастырылғанымен, нәтиже болмай отыр. Тек биылғы мамыр айында куәгерлер оны Алматы қаласындағы шағын аудандардың бірінде көргенін айтқан болатын.

Іздеудегі әйелдің сырт келбеті мен сипаттамасы:

  • Бойы: 175–178 см;

  • Дене бітімі: арықша келген;

  • Шашы: қара, ұзын әрі бұйра;

  • Киімі: қара түсті футболка, ақ шалбар;

  • Жанындағы заттары: ұялы телефоны мен жеке бұйымдары салынған пакеті бар.

Lider.kz еріктілер ұйымы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында барша Қазақстан халқына үндеу тастап, көрген-білген азаматтарды іздеуге көмектесуге шақырады. Тұрғындардан кез келген күдікті немесе ұқсас адамға назар аударып, ақпаратты ары қарай таратуды өтiнеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар