Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жыл басынан бері Астанада заңсыз айналымнан 300 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

20:22, 04 желтоқсан 2024 55

Астанада уәкілетті органдар әкімдікпен бірлесіп, әсіресе жастар арасында есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізуде. Жыл басынан бері қалада 400-ден астам есірткі қылмысы тіркелді. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы айтты, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеп. 

2024 жылдың 11 айында Астанада 407 есірткі қылмысы тіркелген, соның ішінде 285 өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты 621 есірткі құқық бұзушылық.

Заңсыз айналымнан 339 келі есірткі заттары, соның ішінде 20,8 келі «синтетика» тәркіленді.

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспары және мемлекеттік органдар мен жұртшылық барынша тартылған «Астана – есірткісіз қала 2023-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында уәкілетті органдармен нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізілуде», - деді спикер.

Мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдары 496 алдын алу іс-шараларын, соның ішінде акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық турнирлер, конкурстар өткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар