Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева өз инстаграм желісінде белгілі ақын Жүрсін Ерманмен түскен жылы суреттерін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өзінің жеткен әр жетістігіне себепші Жүрсін Ерман екенін жасырмады.
"Айтысты өрге сүйреген жанашыры - Жүрсін ағамен бір сурет. Жезқазғанда өткен командалық ақындар айтысында төрағалық етті. Денсаулығы жақсарғанын көріп, қуанып қалдым. Ең алғаш айтыс арасында терме айтқызып, 23 жасымда Республика сарайын шулатып, халықтың ықыласына бөленуіме, 30-жасымда Францияда өткен ақындар айтысында да, Париж сахнасын термемен шулатуыма себепші, дәстүрлі өнердің жанашыры Жүрсін ағамыз себепші еді. Аман жүріңіз айтыс өнерінің қара нары. Бақытжамал апамызбен қол ұстасып, бірге қартайып, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз", - деп жазды Айгүл Елшібаева.