Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жолымызды тоғыстырды, байланыс орнаттық: Мақпал Жүнісова Сембек Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

15:00, 26 қараша 2024 1269

Әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағалиев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

 Өнер иесі “Гүлдер” ансамблінде жүргенде танысқан көрінеді. 

“Менен 10 жас үлкен деп “аға” деуші едім, ақыры 20 жас үлкен ағаң қағып алды ғой”, – деп әзілдеді халық әртісі. 

Әнші Сембек Жұмағалиев те халықты күлдірді. 

“Мен өзім Атырау жақтың тумасымын. Осы дуэттен кейін ауылдың кемпірлері “Мақпал – біздің келін” деп жүрді. Біздің жолымызды тоғыстырған осы ән десек қателеспейміз. Шығармашылық байланыс орнаттық. Бір жолы Мақпал: “Менің жігітім бар, Сембектің қызы бар” деп ағынан жарылды. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін ескірмейді”, – деді өнер иесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар