Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезең… Түрлі қайғыны бас­тан кештім…»: Роза Рымбаева жан сырын ақтарды

10:20, 09 ақпан 2026

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жан сырын ақтарып, басынан өткен қиын сәттерін еске алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Көпшілік әлі күнге дейін «сол баяғы Рымбаева» деп қа­был­­дайды. Халықтың жа­дында «Әлия» образым қа­лып қойған. Алайда елу жыл­дың ішінде мен де адам ретінде өс­тім, өркен­де­дім, өмірдің та­лай белесін өт­кер­дім. Қар­тай­дым, әже атан­дым. Бірақ сах­на­дағы елу жы­лым текке өткен жоқ. Осы уа­қыттың бәрінде қа­зақ сах­на­сын­да халқыммен бір­ге өмір сү­ріп келемін. Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім, небір қиын ке­зең­дерді бастан өткердім. Ме­нің ең үлкен бақытым – хал­қым­­ның әркез қолдап жүргені. Әсі­ресе, жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезеңде бұл қолдау ма­ған үлкен демеу болды. Сол жыл­дары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік са­пар­ларда жүр­дім. Мен жыл сайын ха­лық ал­дына шығып, «Көктем ша­­қы­рады» атты концертімді бере­­тін­мін. Бұдан кейін аталған кеш шы­ғармашылығымдағы дәс­түрлі іс-шараға айналды, - деді әнші “Aiqyn” газетіне берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар