Брифинг барысында СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевқа "Өзге ел азаматтары Қазақстанның шетелдегі елшіліктеріне көмек сұрап жүгінді ме?" деген сұрақ қойылды, деп жазды Аlash.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай өтініштер тіркелмеген.
«Менің білуімше, әзірге ондай өтініштер түскен жоқ. Азаматтар ең алдымен өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінеді. Алайда өтініш болған жағдайда және бос орындар болған кезде көршілес мемлекеттердің азаматтарына да жәрдем көрсетуге дайынбыз», – деді ол.
Осылайша, қажеттілік туындаған жағдайда және мүмкіндік болған кезде Қазақстан Таяу Шығыстан эвакуациялау мәселесінде көрші елдердің азаматтарына, соның ішінде ресейліктерге де, қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.