Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жөргекпұл беріледі. Ердің есімін жаңғыртайық»: Нұрсейіт Жылқышыбай көпшілікке жаңа бастамасы туралы қуана жария етті (ВИДЕО)

15:31, 04 наурыз 2026

Белгілі журналист Нұсейіт Жылқышыбай ұлының есімін Кенесары атаған отбасыларға жөргекпұл беретінін айтты, деп жазады Аlash.kz.

«Аламан» орталығының атынан ұйымдастырылып отырған шараға қатысамын десеңіз төменде көрсетілген номерге хабарласып, вацабына баланың туу туралы куәлігін жіберулеріңіз керек. 
Ұлына Кенесары деп ат қоятын ықыласты адамдар көп болуы мүмкін. Сондықтан алғашқы он адамға жөргекпұл беріледі.

Енді Кенесары деген есімге келсек. Бұл есім әр қазақ үшін аяулы һәм ардақты. Азаттық жолында опат болған қаһарман. Орыстың зеңбірегіне кылышпен шапқан қасқыр жүректі Ер.

Еркін өмір үшін жанын қиған асыл ердің есімін жаңғыртайық. Біздің ниет осы, ағайын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар