Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Иран атқан зымыран Түркияға түсе жаздаған". Түркия өкіметі шұғыл түрде мәлімдеме жасап, қорғануға дайын екенін жеткізді

21:36, 04 наурыз 2026

Түркияның Қорғаныс министрлігі Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыранның әуе қорғанысы жүйелері арқылы жойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Аlash.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, зымыран Ираннан ұшырылып, Ирак пен Сирия аумағы арқылы өткен. Кейін ол НАТО-ның Шығыс Жерорта теңізіндегі әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштері тарапынан жойылған.

Зымыран сынықтары Хатай провинциясы аумағынан табылған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Анкара өз мәлімдемесінде ел аумағы мен әуе кеңістігін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар тараптарды жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар