Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қимыл-қозғалыс жоқ, ұйқы дұрыс емес". Жастар мен жасөспірімдер арасында артық салмағы барлар саны 4 есе артқан

22:04, 04 наурыз 2026

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 1990 жылдан бері ересектер арасындағы семіздік көрсеткіші екі еседен астам артқан. Ал жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш төрт есе артқан, деп хабарлайды  Аlash.kz.

Мамандар семіздік бірнеше фактордың ықпалынан дамитынын айтады. Олардың қатарында өмір салты, қоршаған орта, психологиялық себептер және генетикалық бейімділік бар.

Сарапшылар семіздіктің алдын алу шараларын ерте жастан бастау қажет екенін ескертеді.

 Балалар үшін:

  • алғашқы алты айда ана сүтімен қоректендіру;

  • дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, жеткілікті ұйқы және тұрақты қимыл-қозғалыс;

  • экран алдында өткізетін уақытты және тәтті сусындарды шектеу.

Ересектер үшін:

  • көкөніс пен жеміс-жидекке бай теңгерімді тамақтану;

  • тұрақты дене белсенділігі;

  • қант пен майлы тағамдарды шектеу;

  • темекі мен алкогольден бас тарту, сапалы ұйқы режимін сақтау.

ДДСҰ дерегінше, семіздік жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және басқа да созылмалы дерттердің қаупін арттырады. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру – қоғамдық денсаулықтың маңызды бағыты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар