Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жаназаға қатысқандарды жарып жіберуі мүмкін". Иран өкіметі Әли Хаменеиді "әзірге жерлемейміз" деп мәлімдеді

20:47, 04 наурыз 2026

Иранда ел басқарған Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі белгісіз мерзімге шегерілді. Өкімет бұл шешімді логистикалық қиындықтарға байланысты деп түсіндіргенімен, сарапшылар оның астарында қауіпсіздік мәселелері жатуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Аlash.kz.

Талдаушылардың пікірінше, мұндай шешім Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кацтің мәлімдемесімен байланысты болуы ықтимал. Ол сәрсенбі күні Хаменеиның мұрагері болып сайланатын кез келген тұлғаны жою қаупі бар екенін ескерткен.

Иран билігі 1989 жылы елдің алғашқы Жоғарғы көшбасшысы — Рухолла Хомейниді жерлеу рәсіміне шамамен 10 миллион адам қатысқанын еске салды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Әли Хаменеины ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне бұдан да көп адам жиналуы мүмкін.

Сонымен қатар Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Тегеран қаласында мұндай ауқымды жиынның ықтимал шабуыл нысанасына айналуы мүмкін екенін билік түсініп отырғанын жазады. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, ұйымдастыру мәселелері қайта қаралып жатыр.

Жерлеу рәсімінің нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар