АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Германия канцлері Фридрих Мерцтің Вашингтондағы ресми кездесуі кезінде екі ел арасындағы экономикалық байланыстарға қатысты бейресми сәт орын алды. Тараптар Берлинмен арадағы сауда қатынастарын талқылау барысында бір-біріне жылы қабақ танытты, деп жазады Аlash.kz.
Ақ үйде өткен келіссөздер кезінде Дональд Трамп қатысушы шенеуніктердің біріне қарата Германияға қатысты ұстанатын позициясы туралы пікір білдірді. Ол Берлинмен сауда жасау тәртібі туралы сөз қозғап:
«Германиямен не істейміз? Меніңше, біз оларға өте-өте қатты соққы беруіміз керек», - деп әзілдеді.
Осы сөздерді айтқан сәтте АҚШ Президенті қасында отырған канцлер Мерцтің тізесінен алақанымен жеңіл шапалақпен ұрды. Трамптың бұл әрекетіне Германия үкіметінің басшысы түсіністікпен қарап, күліп жауап берді. Кездесудің бұл сәті екі ел лидерлерінің арасындағы дипломатиялық қатынастардың еркін форматта өткенін көрсетті.
Айта кетейік, бұл кездесуде тараптар бұдан бөлек халықаралық қауіпсіздік пен Еуропа елдеріне қатысты бірқатар маңызды саяси мәселелерді де қарастырған болатын. Сауда қатынастарына қатысты Трамптың бұл мәлімдемесі ресми Вашингтонның алдағы экономикалық стратегиясына ишара ретінде бағалануда.