Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«600-ге жуық жолаушы»: Таяу Шығыста қалып қойған Қазақстан азаматтары елге жетті

09:19, 04 наурыз 2026

Сауд Арабиясында жүрген Қазақстан азаматтары арнайы чартерлік рейстермен елге аман-есен жеткізілді. Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалға байланысты ұйымдастырылған бұл шара аясында Air Astana әуе компаниясының ұшақтары Атырау әуежайына қонды, деп хабарлайды Alash.kz.

4 наурызға қараған түні Медина мен Жидда қалаларынан ұшып шыққан арнайы рейстер Атырауға келіп тоқтады. Эвакуацияланған 600-ге жуық адамның басым бөлігі қажылық сапарында жүрген отандастарымыз болып шықты. Аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты кейбір жолаушылар Сауд Арабиясында жоспарланған уақыттан ұзақ қалуға мәжбүр болса, кейбіріне сапарын ерте аяқтауға тура келген.

Қазіргі уақытта Атырауға жеткен жолаушылар түйіспелі рейстер арқылы өздері тұратын өңірлерге аттанды. Құзырлы органдар азаматтарды қауіпсіз аймаққа жеткізу жұмыстарының сәтті аяқталғанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар