Әнші Ұлықпан Жолдасов Республика күні қарсаңында «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жоғары марапатқа лайық деп таныған Мемлекет басшысына және әрдайым қолдау білдіріп жүрген тыңдармандарына ризашылығын жеткізді.
«Осы жоғары марапатқа лайық деп таныған құрметті Президентімізге және марапатты табыстаған вице-президент Ерлан Қарин мырзаға шын жүректен алғыс айтамын!
Біздің өнерімізді қолдап, әндерімізді тыңдап, үнемі тілекші болып жүрген қадірлі тыңдарман, сіздерге мың алғыс! Бұл марапатта сіздердің де үлестеріңіз бар!
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!», – деп жазды әнші.