Астанада түнде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы жағдай 5 қазаннан 6 қазанға қараған түні Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында орын алған. Жүргізуші көлігіндегі техникалық ақауға байланысты жол жиегіне тоқтап, жүк салғышының жанында тұрған. Сонымен қатар, тура осы сәтте оны Hyundai Tucson маркалы көлігі соғып кеткен.
Алған ауыр жарақаттары салдарынан ер адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Аталған сұмдық факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті тексеру амалдарын бастады. Адам қаққан Hyundai Tucson автокөлігі арнайы коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.