«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жағдайын айтты, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі өзіне медициналық көмек көрсеткен ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді. Сондай-ақ денсаулығына алаңдап, амандығын тілеген тыңдармандарына ризашылығын жеткізді.
«Менің тілеуімді тілеп, жанын шүберекке түйген пенделерін Алла мейіріміне бөлесін! Бір-бірімен ақылдасып, отаның сәтті өтуіне үлес қосқан үш емханаға алғысым шексіз. Қазақта да білікті маман жетеді! Барлықтарыңызды құшақтадым!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.