Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аманатқа қиянат жоқ…»: Ұлдананың несиесі болған ба? Марқұмның анасы жауап берді (ВИДЕО)

14:38, 16 тамыз 2026

Марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы қызының несиелері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қызметтік кезеңде оқыс жағдайда қаза тапқан фельдшердің күйеуіне әкімшілік тарапынан және зейнетақы жинақтары қайда жұмсалғаны туралы сауал қойылғанда Ұлдананың несиелерін жапқаны туралы айтқан еді. Алайда марқұмның анасы экс-күйеу баласының бұл сөзінде шикілік барын жеткізді. Руслан Өтепбайға берген сұхбатында Әділет Зейнелдің ешқандай несиені жаппағаны тупалы айтты.

Маған «Осы ақпанның ішінде «бас тарту парағын» («отказной») жазып бересіз бе?» деп құдағи айтты. «Не үшін?» деген едім. «Аманатқа қиянат жоқ. Әділет барлық жауапкелшілікті өз мойнына алады» деді. «Бізге банктен хабарласып жатыр. Несиесін төлеуіміз керек. Бізге «бас тарту парағын» («отказной») жазып бересіз бе? Ұлдананың құжаттары сізде ме?» деп сұрады. Әділет «Kaspi-де несиесі бар» деді. «3,5-4 миллион шығар» деді. Заңгердің рұқсатымен менеджер қыз ашып көрсетті. «Бұл қызыңыздың атында ешқандай несие жоқ. 21 қарашада жабылып қалған. Шоты да жабық. Несиесі де жоқ. Қызыңыздың арты таза» деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар