Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«6 алтын, 4 күміс, 5 қола»: Грек-рим күресінен халықаралық Гран-при бәсекесінде Қазақстан құрамасы топ жарды

18:01, 16 тамыз 2026

Германияның Дортмунд шаһарында жалауын желбіреткен грек-рим күресінен халықаралық Гран-при бәсекесінде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ел балуандары дүбірлі додада еңселі нәтиже көрсетіп, қоржынға 6 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлде салды.

Атап айтқанда, Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін) қарсыластарын шаң қаптырып, турнирдің чемпионы атанды.

Ал Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) пен Джохар Узаров (130 келіге дейін) финалға дейін сүрінбей жетіп, күміс медальды қанағат тұтты.

Сонымен қатар Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін) және Диас Кален (87 келіге дейін) үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені иеленді.

Айтулы жеңістің арқасында отандастарымыз турнирдің жалпы медальдық кестесінде көшбасшы атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар