Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір шоколад үшін ұрды…»: Меркіде жас ананың жұмбақ қазасына қатысты тың дерек шықты (ФОТО)

16:12, 16 тамыз 2026

Жамбыл облысының Меркі ауданында әйелдің жұмбақ жағдайда қайтыс болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиғадан кейін марқұмның жақындары адвокат Ләззат Рақышевадан көмек сұраған.

Туысының берген мәліметіне сүйенсек, әйел қайтыс болар алдында құрбысына хабарлама жіберіп, күйеуімен арадағы жанжал туралы жазған. Онда марқұм «бір шоколад үшін күйеуім ұрды» деп, оның соққысына жығылғанын меңзеген.


Көп ұзамай келіншек көз жұмған. Дегенмен, оның ажалына нақты не себеп болғаны және бұл оқиғаға кімнің тікелей қатысы бар екені әлі ресми түрде нақтыланған жоқ.

Ойламаған жерден ажал құшқан келіншектің артында 8 айлық нәрестесі анасыз қалды.

Қазiргі таңда оқиғаның анық-қанығына жету әрі істің мән-жайын зерделеу мақсатында заңгерлер марқұмның отбасына құқықтық тұрғыдан көмек көрсетіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар