Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында сиыр сауып отырған ерекше видеосын жариялап, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бейнежазбада ол бала кезінде меңгерген ауыл тіршілігін әлі де ұмытпағанын анық көрсетті. Өткен шағына көз жүгірткен өнер иесі кезінде небәрі 9 жасында үш бірдей сиырды өзі сауғанын сөз етті.
«9 жасымда 3 сиыр сауғанмын десем сенесіздер ме? 40 жылдан кейін сауып тұрмын, ұмытпаппын… Айтпақшы, қарағандылықтар ретритке жазылдыңыздар ма? Толық трансформациядан өтесіздер бұйырса…», — деп жазды ақын парақшасында.