Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әділдік орнауы үшін…»: Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы өкінішін білдірді (ВИДЕО)

10:37, 16 тамыз 2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот шешімі жарияланған соң, марқұм бойжеткеннің ағасы Сұлтан Серікбай желідегі парақшасында бауырға деген сағынышы мен өкінішін білдіріп жазба қалдырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бауырынан айырылған Сұлтан Серікбай бұл күндері жақындары үшін ең басты мақсат әділдіктің салтанат құруы болғанын жеткізді.

Ол өз сөзінде: «Нұрайка, әділдік орнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Мені кешірші... Сені қорғай алмадым...» – деп, қарындасының алдындағы өкінішін жасырмады.

Бұған дейінгі мәлімдемелерінде де Сұлтан отбасы үшін қандай да бір қаржылай немесе материалдық өтемақының маңызы жоқ екенін, тек қылмыскердің заң аясында ең ауыр жаза алуын талап ететінін айтқан болатын.

Марқұмның жақындары айлап созылған уақыт ішінде істің сотқа дейін жетіп, әділ каралуы жолында аянбай күресті. Олар тергеу барысында қажетті айғақтарды жинақтап, қылмыстық процестің соңына дейін жеткізілуіне белсене араласты.

Айта кетейік, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 13 тамыз күні Шерхан Аймаханға қатысты үкім кесті. Сот оны бойжеткенді артынан аңдыған (сталкинг), еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеген және аса қатыгездікпен өмірден оздырған деген айыптар бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар