Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот үкімі: Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

17:42, 13 тамыз 2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды айуандықпен өлтірген Шерхан Аймаханға қатысты сот үкімі шығып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күнібойжеткеннің өзі тұратын үйінің жанында орын алған еді. Іс материалдарына сәйкес, Аймахан бойжеткенге 35 рет пышақ сұғып, кейін оқиға орнынан бой тасалаған, бірақ екі күннен соң Шымкент маңында тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Сот процесі барысында сотталушы пышақпен ұрған 6-7 соққыны өзгесі есінде жоқ екенін айтып ақталмақ болды. Бұған дейінгі жауаптарында ол бірінші болып пышақпен Нұрайдың өзі шабуыл жасады дегенді алға тартқанымен, кейіннен өзіндегі жарақатты өзіне өзі салғанын мойындаған болатын. Сондай-ақ ол тергеу изоляторы мен психиатриялық ауруханада өзіне қысым жасалғанын айтып, сараптама қорытындыларымен келіспейтінін білдірді.

Десе де, сарапшылар маман-сарапшылар шабуыл жасау кезінде айыпталушының өз әрекеттерінің сипатын толық түсінгенін және аффект жағдайында болмағанын ресми түрде анықтады. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы прокурор да жазаны жеңілдетуге ешқандай негіз жоқ екенін алға тартып, Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар