Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өмір бойына бас бостандығынан айыру»: Нұрай Серікбайдың қазасына күдіктіге прокурор ауыр жаза сұрады

16:56, 11 тамыз 2026

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты айыпталған Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шымкент қаласында аталған атышулы іс бойынша сот жарыссөзі басталды. Отырыс барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының жасаған қылмысын жеңілдететіндей ешқандай мән-жайдың жоқ екенін кесіп айтты. Сонымен бірге прокурор марқұм Нұрайдың Аймаханға ешқандай өкпе-талабы жоқ екенін айтқан бейнежазбаны айғақ ретінде есепке алмауды өтінді. Арнайы жүргізілген сараптама қорытындысы видеодағы бойжеткеннің сөздері өз ырқымен емес, алдын ала жаттау арқылы айтылғанын анықтаған.

Мемлекеттік айыптаушы сотта: «Жазаны жеңілдететiн мән-жайлар анықталған жоқ. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 11 қаңтарда Шымкент қаласында орын алған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, Аймахан бойжеткенге сан мәрте пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде ол кейіннен шаһар маңында құрықталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар