Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Тобыл өзеніне әкесі мен кәмелетке толмаған қызы батып, көз жұмды

09:47, 16 тамыз 2026

Қостанай облысына қарасты Нечаевка ауылының маңында Тобыл өзеніне шомылған отағасы мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға 13 тамызда орын алған. Eр адам бес баласымен бірге шомылуға тыйым салынған арнайы жабдықталмаған аумақта демалған. Суда жүру кезінде екі қыз бала батып бара жатқан соң, олардың біреуі өз күшімен жағаға шығып үлгереді. Ал екінші қызын құтқармақ болған әкесі өзі жүзе алмаса да, көмекке ұмтылып, салдарынан екеуі де су түбіне кетеді.

Өзен ағысы екеуінің де мәйітін ағызып әкеткендіктен, шұғыл түрде іздестіру-құтқару шаралары ұйымдастырылды. Сүңгуірлер тобы жасөспірімнің денесін қайғылы жағдай болған күні кешке судан алып шықса, ер адамның мәйіті келесі күні жүргізілген үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылды.

Қостанай облыстық ТЖД берген ресми ақпаратына сәйкес, ауқымды операцияға полиция, жергілікті әкімдік өкілдері, еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Екі күнге созылған шара барысында мамандар жаяу 2,5 шаршы шақырым жағалауды тексеріп, ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы 12 гектар аумаққа әуеден шолу жасады, сондай-ақ сүңгуірлер су түбінің 39 мың шаршы метрін сүзіп шықты. Марқұмның денесі табылғаннан кейін құтқару операциясы толығымен аяқталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар