Қазақстанда мемлекеттік наградалардың қатары «Шәмші Қалдаяқов» медалімен және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағымен толықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресми түрде мәлімдеді.
Мемлекет басшысының бастамасын: «Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі», – жеткізді.