Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дайын болыңыздар!»: Димаш Құдайберген көпшілікке қуанышты жаңалығын жария етті (ФОТО)

21:04, 16 тамыз 2026

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі оқырмандарына алдағы әлемдік турнесі аясында өтетін кезекті концерті туралы хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.

Желтоқсанның 1-інде ел мақтанышы Перуде кешін өткізеді. Бұл туралы әнші:

«DIMENSIONS World Tour Перуге келеді!

2026 жылдың желтоқсанында Димаш Құдайберген Перудің Лима қаласына өзінің таңғажайып DIMENSIONS концерттік бағдарламасын ұсынады. Ол көрермендерді ғажайып әуенге, әсерлі визуализацияға және ұмытылмас эмоцияларға толы жаңа музыкалық саяхатқа шақырады.

Димашпен бірге дыбыс пен жарықтың мүлде жаңа өлшемін сезінуге дайын болыңыздар!» – деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар