Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи нәтиже! Әскерилер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделі болды

15:47, 16 тамыз 2026

Әскери қызметшілер арасында өтіп жатқан алғашқы әлем чемпионатында Қазақстанның күштік құрылымдарының құрама командасы сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының басшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары Руслан Жақсылықов әскерилер арасында самбоны дамыту елдегі күштік органдардың спорттық әлеуетін арттыру мен даярлаудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

Дүбірлі доданың алғашқы күнінде-ақ отандық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 1 алтын және 3 күміс жүлдені қоржынға салды.

Ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен Жандос Бейсенбаев пьедесталдың ең жоғарғы сатысына көтерілсе, 79 келі салмақта өнер көрсеткен Санжар Нұрсейіт күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде 54 келіде бақ сынаған Сағат Байғараева екінші орынды иеленді. Ал 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Замзагүл Файзолланова да ел қоржынына күміс медаль сыйлады.

Дүниежүзілік жарыста Қазақстан Республикасының делегациясын Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Орталық армия спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов бастап барды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар