Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Савельев өз оқырмандарына ерекше естеліктерін бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Жәнібек Дубайдағы демалысы туралы айтып, жерлестерін өзімен бірге болуға шақырды. Қазақстандықтарға көмек бере алатынын қуана хабарлады.
Қалдарыңыз қалай? Бәріңіз аман-есенсіздер ме? Сіздерді, Қазақстанды қатты сағындым. Арамызда қанша қашықтық болса да, сіздермен осында бөліскен әрбір сәтім мен үшін ерекше.
Бүгін сіздерге Дубайдағы ең әдемі естеліктерімнің бірін көрсеткім келеді.
Дубайға баратын болсаңыздар, мен шын жүректен ұсынатын ерекше дүниелердің бірі — Exclusive Yachts. Бұл жай ғана яхтамен серуендеу емес. Дубайды теңізден көру, қаланың шамдары, музыка, адамдар, атмосфера... мен үшін бұл кештің әр сәті ерекше болды.
Маған олардың тарихы да қатты ұнайды. Кішкентайдан бастап, еңбектеніп, бүгін осындай үлкен деңгейге жеткен адамдарды көргенде, мен әрқашан ерекше қуанып, құрметпен қараймын. Осындай еңбектің нәтижесін көру маған шабыт береді.
Сондықтан бұл видеоны сіздермен жай ғана бөліскім келді. Көріп, сол кештің атмосферасын менімен бірге сезінсеңіздер екен деймін.
Ал егер араларыңызда Дубайға баруды жоспарлап жүргендер болса және Exclusive Yachts-ты байқап көргілеріңіз келсе, маған жеке хабарлама жазыңыздар. Сіздер үшін жеңілдік кодын алуға көмектесуге тырысамын. Қолымнан келсе, әрқашан қуана көмектесемін.
Ал өздеріңіз қалайсыздар? Жаздарыңыз қалай өтіп жатыр? Қазір қайдасыздар?