Продюсер Баян Мақсатқызы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында экс-күйеуі Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп жазады Alash.kz.
“Соңғы рет оны құданың асында көрдім. Бетпе-бет келмедік, сыртынан байқадым. Құдамыз бір жыл бұрын қайтқан, бір жылдық асында болды. Оны көргенде ештеңе сезбеймін, мен жіберуді, кешіруді білемін. Қайтара алмайтын өткенді өзгертуге тырысудың қажеті жоқ. Бастапқы бес жылда бітпейтін ота жасаттым. Жаныма қатты батты, сол кезде оған реніш пен ыза болды. Отадан оянғаннан кейін қатты ашуланатын едім. Кейін түзете берудің пайдасы жоқ екенін біліп тоқтаттым”, деді Баян Мақсатқызы.