Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алғашында білмеген»: Жақындары күйеуінің қолынан қаза тапқан Ақбаян өз балаларын таныды ма?

17:49, 04 қыркүйек 2026

Атырауда атышулы қылмыстық іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан емделіп шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Емдеу мекемесінен босап шыққаннан кейін ол бірден балаларымен кездескен. Мән-жайды Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятова түсіндіріп берді.

«Балаларының заңды өкілі ретінде келді. Ол ата-ана құқығынан айырылған жоқ. Балалармен кездесу әр жұма сайын сағат 17:00-19:00 аралығында өткізіледі. Мұны ол алғашында білмеген», – деді орталық директоры Құндыз Ғиниятова.

Қазіргі уақытта оның төрт баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында орналасып, сол жерде білім алуын жалғастыруда. Ал бір жарым жастағы кенже ұлы сәбилер үйіне тапсырылған. Орталық басшылығы бүлдіршіндердің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы екенін және олардың мұнда қанша уақыт болатыны әлі белгісіз екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстары оның балаларды бірден танығанын әрі байланысын үзбегенін жеткізді. Ол алдағы уақытта да белгіленген емдеу курстарын жалғастыратын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар