Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші хабар: Қазақстан құрамасы 300 шақырым болатын аламанда жеңіске жетті

12:30, 05 қыркүйек 2026

Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат марафонында жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен 300 шақырымдық «Көчмөндөр жүрүшү» ат марафонында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды. Жарыстың алғашқы кезеңінде қазақстандық шабандоздар 50 шақырымды бағындырып, көш бастаған еді.

Шабандоздар мен тұлпарлар жалпы ұзындығы 300 шақырым болатын қашықтықты төрт күнде еңсерді. Жарыс қорытындысында екінші және үшінші орындарды Қырғызстан құрамасының өкілдері иеленді.

Қазақстан құрамасының жеңімпаздар сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет бар.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Додаға 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы қатысуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар