Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы полицейлерге қылжақтап, жұмыс істеуіне кедергі болған блогер үш тәулікке қамалды

10:07, 05 қыркүйек 2026

Алматыда полицейлердің жұмысына кедергі келтірген блогер үш тәулікке қамалды, деп жазды Alash.kz.

Алматыда әлеуметтік желіге контент түсіру кезінде полиция қызметкерлерінің жұмысына араласқан блогер әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасаған Kursiv хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның полиция қызметкерлерін камераға түсіріп, олардың әрекетіне араласқаны, тіпті қызметтік көлікке «мінгізуді» сұрағаны көрінеді. Ол полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған.

Полиция оның жеке басын анықтап, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізген. Сот блогерді полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Полиция қызметкерлерді түсіруге заң тыйым салмайтынын, алайда олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіруге болмайтынын ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар