Қауіпсіздік Кеңесі аппараты басшысының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп жазды Alash.kz.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшылығына бірқатар жаңа тағайындау жасады. Тиісті өкімдерге 5 қыркүйекте қол қойылды.
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.
Ал Геннадий Иванович Зуев Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы қызметіне Мұрат Баймұқашевты тағайындаған.