Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамптың "адамдары" Мәскеу мен Киевке жаққа соғысты тоқтатыңдар деген ұсыныс айтуға барғалы жатыр

09:59, 05 қыркүйек 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Мәскеу мен Киевке Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған ұсыныспен бара жатқанын мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Бұл туралы Трамп Ақ үйдегі журналистермен әңгімелесу кезінде айтты. Оның сөзінше, Уиткофф пен Кушнердің сапарының негізгі мақсаты – соғысты аяқтау жөніндегі келісімге келу мүмкіндігін талқылау.

«Олар соғысты аяқтау жөніндегі ұсынысты алып бара жатыр. Бұл мәселені шешу керек. Сондықтан Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді жібердім. Екеуі де келіссөздерде жақсы жұмыс атқарды. Мұны жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын», – деді АҚШ президенті.

Reuters мәліметінше, Трамп нақты ұсыныстың бар екенін растағанымен, оның мазмұнын ашып айтпаған. Уиткофф пен Кушнер алдымен Мәскеуге барып, кейін Киевке баруы жоспарланған.

Украина президенті Владимир Зеленский де америкалық өкілдердің Киевке сапарын растаған. Алайда Ресей мен Украина арасындағы негізгі даулы мәселелер бойынша тараптардың ұстанымдары әлі де айтарлықтай алшақ.

Сапар барысында ұсыныстың нақты шарттары мен тараптардың оған көзқарасы талқыланбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар