Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайда енді балаларға ғана емес, роботтарға арналған «балабақша» ашылды

15:31, 05 қыркүйек 2026

Қытайдың Бейжің қаласында роботтарға арналған «балабақша» ашылды. Мұнда машиналарды адам көрсеткен әрекеттерді қайталау арқылы емес, өз тәжірибесі, тактильді сезіну және сынақ пен қателік әдісі арқылы үйрету көзделген, деп жазды Alash.kz.

Орталықта роботтар қоршаған ортамен өздігінен әрекеттесіп, жіберген қателерін тәжірибе ретінде сақтайды. Мысалы, жүруді үйреніп жатқан робот қабырғаға соғылса, жүйе осы жағдайды тіркеп, келесі әрекетінде қозғалысын өзгертуге тырысады.

Жобаның негізгі мақсаты — роботтардың тек алдын ала дайындалған тапсырмаларды орындауы емес, нақты ортада үздіксіз үйреніп, күтпеген жағдайларға бейімделу қабілетін дамыту.

«Роботтар балабақшасы» тактильді сенсорлар технологиясын дамытатын Tashan Technology компаниясы мен нығайтылған оқыту (reinforcement learning) саласының маманы Ричард Саттон бастаған зерттеу тобының бірлескен бастамасы ретінде іске қосылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар