Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Қазақ елінің құрамасы мен қырғыз құрамасының қай уақытта көкпар тартатыны белгілі болды

21:50, 05 қыркүйек 2026

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары финалда кездеседі. Шешуші ойын 6 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 11:00-де басталады, деп жазды Alash.kz.

Финал Шолпан-Атада өтеді. Командалар 20 минуттан екі тайм ойнайды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Ресей құрамасы Өзбекстанды жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

«Көкпар» сөзінің этимологиясы түркі халықтарының дәстүрлі «көк бөрі» ұғымымен байланыстырылады. «Көк» сөзі – көк түсті, сондай-ақ көне түркілік қолданыста «аспан» мағынасын білдірсе, «бөрі» – қасқыр деген сөз.

Зерттеушілердің бір бөлігі «көкпар» атауын «көк бөрі» тіркесінің уақыт өте дыбыстық өзгеріске ұшыраған нұсқасы деп түсіндіреді. Көне дәстүр бойынша ат үстіндегі ойын қасқырды қуып, тартып әкетуге байланысты болған. Кейін ойын барысында қасқырдың орнына серке пайдаланылатын болды.

Көкпар мен қырғыздың көк бөрүі түбі бір ат спорты ойындары саналады. Алайда қазіргі халықаралық жарыстарда олардың ережелерінде айырмашылық бар. Көк бөрүде алаңның екі шетіне арнайы тайқазан қойылып, шабандоздар серкені сол қазанға салуға тырысады. Ал көкпарда жерге диаметрі үш метрлік мәрелік шеңбер белгіленеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар