Қазақстан Көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп жазды Alash.kz.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр.
4 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандық спортшылар 55 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола жүлде бар.
Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғыз спортшылары 58 медаль иеленген: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үшінші орында Ресей құрамасы тұр. Оның қоржынында 4 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль бар.
Қазақстан құрамасы ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорттың 31-інде өнер көрсетіп үлгерді. Жарыстар әлі жалғасып жатқандықтан, медаль кестесіндегі командалардың орналасуы өзгеруі мүмкін. Қазақстан спортшылары тағы 11 спорт түрінен сынға түседі.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден шамамен 3 мың спортшы қатысып жатыр.