Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алапат апат: Су тасқыны "орып кеткен" елдегі қаза тапқандар саны 1 287-ге жетті

10:03, 05 қыркүйек 2026

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 287-ге жетті, деп жазды Alash.kz.

Непалда болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 287 адамға жетті. Құтқарушылар сегіз ауданнан адам сүйектерін тапқан. Қазіргі таңда олардың 96-сы ғана анықталған.

Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде 5 083 адам бар. Олардың арасында 583 шетел азаматы бар.

Су тасқынынан зардап шеккен 5,3 мыңнан астам адам медициналық көмек алды, 13 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апат мыңдаған үйді, ондаған көпір мен жолдарды қиратып, елдің инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірді.

Құтқару жұмыстарына армия мен полицияны қоса алғанда, 21 мыңнан астам қауіпсіздік қызметкері жұмылдырылған. Байланыс жүйесі біртіндеп қалпына келіп, гуманитарлық көмек зардап шеккен аймақтарға құрлық және әуе арқылы жеткізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар