Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Картоп қазып бер деп өтінген". 66 жастағы ер адам 89 жастағы кейуананы балталап өлтірді деген күдікке ілінді

15:12, 05 қыркүйек 2026

СҚО-да 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты 66 жастағы ұлы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты 66 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткердің мәйіті ұлының үйінің ауласынан табылған. Көршілердің айтуынша, әйел ұлын бақшадан картоп қазуға шақырған. Кейін оның өліміне қатысты күдік туған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бейресми ақпаратта әйелдің балтаның соққысынан қаза болуы мүмкін екені айтылған.

Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Бірқатар сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар