Украина Қарулы күштерінің бірқатар бөлімшелеріне майдан шебінде «үнсіздік режимін» сақтау туралы бұйрық берілген. Украиналық БАҚ мәліметінше, режим 5 қыркүйек сағат 00:00-ден 8 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін жалғасады, деп жазды Alash.kz.
Бұл ақпарат АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің Ресей мен Украинаға сапарымен тұспа-тұс келіп отыр. АҚШ өкілдері 5 қыркүйекте Мәскеуде Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевпен кездесіп, кейін Украинаға баруды жоспарлаған.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский америкалық өкілдердің сапары кезінде Ресей аумағына әуе соққыларын жасамайтынын мәлімдеген. Ол Ресей тарапы да Украинаға әуе шабуылдарын тоқтатуы тиіс екенін айтқан. Алайда Мәскеу әзірге мұндай өзара міндеттемеге келіскенін растаған жоқ.
АҚШ президенті Дональд Трамп Уиткофф пен Кушнердің Ресей мен Украинаға соғысты тоқтатуға қатысты ұсыныспен баратынын хабарлаған. Оның нақты мазмұны әзірге жарияланған жоқ.
Сонымен қатар, кейбір ақпарат құралдары бұл режимнің бүкіл майдан бойынша толық атысты тоқтатуды білдірмейтінін атап өтеді.